
1) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында келiсiмдер мен меморандумдар жасасады;
2) өз құзыретi шегiнде шаруашылық қызмет объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;
3) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілейді;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады;
5) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қарауына бередi;
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргiзуге тартады;
7) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлейдi;
8) қалдықтарды басқару жөнiнде бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
9) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлейді;
10) коммуналдық қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi;
11) тиiстi аумақта тұрған табиғат объектiлерiнiң жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады;
12) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң тiркелуiн жүзеге асырады;
13) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлейдi және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi;
14) өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;
15) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;
16) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын әзірлейді;
17) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен оларды сіңіру
жөніндегі жобаларды әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі.
