Маңғыстау облысының жергілікті бюджеті есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі беру гранттарына мемлекеттік тапсырыс алу үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының арасында конкурс өткізу бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Маңғыстау облысының жергілікті бюджеті есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі беру гранттарына мемлекеттік тапсырыс алу үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының арасында конкурс өткізу бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Маңғыстау облысының әкімдігі жергілікті бюджет есебінен білім беру гранттарына (бакалавр және резидентура) мемлекеттік тапсырыс беруге Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының арасында  конкурс жариялайды.
Жоғары оқу орындарының құжаттарды басқармаға жолдау уақыты: 2026 жылғы 15-23 шілде аралығы.
Конкурс өтетін уақыты: 2026 жылғы 28-29 шілде.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:
* Жоғары оқу орны өтінімінің нысаны (13-қосымша).
* ЖОО-ң белгіленген үлгідегі сауалнамасы (6-қосымша).
* Тиісті оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру ұсынысы (7-қосымша).
Конкурсқа қатысу үшін тиісті құжаттарды келесі мекен-жайларға жолдау сұралады:
130000, Ақтау қ., 3 б шағынауданы, 52 ғимарат (түпнұсқасы) және көшірмелері «Документолог» платформасы арқылы, сонымен қатар, l.nurpeisova@mangystau.gov.kz  электронды поштасы.
Қосымша сұрақтар бойынша Маңғыстау облысы білім басқармасының жауапты маманы Ляззат Нұрпейісқызына хабарласуға болатындығын қаперлеріңізге береміз. Байланыс телефоны 8 775 7401385.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/1230968?lang=kk