Көптеген жағдайларда жаңа бастап жүрген кәсіпкерлер мен болашақ бейінді мамандар өз кәсіпорнын ашу үшін қалаған қызметті жүзеге асыруға рұқсат немесе лицензия алуы қажет.
Бұл мақалада біз медициналық қызметке лицензия алу туралы айтып береміз.
Қызмет түріне лицензия дегеніміз не?
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына сәйкес лицензия – лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға лицензияланатын қызмет түрін не қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты оның кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат.
Қарапайым сөзбен айтқанда, лицензия – бұл сізге қызметтің белгілі бір түрімен айналуға рұқсат етілгенін және сіз онымен айналыса алатыныңызды куәландыратын құжат. Медицина лицензиялау қажет сала болып табылады.
Лицензиясыз жұмыс істеу заңға қайшы, және де жалған мамандардан қызмет алуға мүлдем ұсынылмайды.
Лицензияланатын қызмет түрлерінің толық тізбесі заңда жазылған.
Лицензия алу үшін не қажет
Лицензия алу процедурасы медицина саласында заңды түрде жұмыс істеу мүмкіндігі жолындағы соңғы кезең болып табылады. Бұған дейін адам дайындықтан өтуі керек – мамандық бойынша білім алу, диплом алу, біліктілікті арттыру бойынша сертификатталған курстардан өту, бұны лицензия беру кезінде уәкілетті орган (лицензиар) міндетті түрде не талап ететін болады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып табылады.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына сәйкес медициналық қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілді. Олар келесінің бар болуын талап етеді:
- меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар;
- медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдықтар, аппаратуралар мен инструментарий, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, көлік және басқа да құралдар (қажет болған жағдайда);
- медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі;
- мәлімделген медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылда мамандандыру немесе жетілдіру және біліктілікті арттырудың басқа да түрлері;
- санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандарды қоспағанда, маманның тиісті сертификаты;
- заңды тұлғалар үшін – біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметкерлер туралы мәліметтермен расталатын медицина қызметкерлерінің штаты;
- жеке тұлғалар үшін – өтініш берілген медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Лицензияны қалай алуға болады
Бүгінгі күні барлық лицензиялар мен рұқсаттарды Elicense.kz порталы арқылы онлайн режимінде алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру, лицензиялау рәсімдерін оңайлату және мемлекеттік органдардың АЖ электрондық лицензиялау жүйесімен интеграциялау арқылы талап етілетін құжаттар санын қысқарту арқылы мүмкін болды.
Elicense.kz порталымен жұмысты бастау үшін ЭЦҚ алу және тіркелу қажет. Төменде одан қысқаша үзінділер бар:
- Тіркеуден өткеннен кейін порталда авторланып, "Медициналық қызмет" онлайн-қызметіне өтіңіз. Ол "Денсаулық сақтау" - "Қызметті лицензиялау" бөлімінде орналасқан.
- Ол қызметің бетінде медициналық қызметтің кіші түрлерінің кең тізімі ашылады, онда сізге өзіңіздің мамандану пункттерін белгілеу қажет.
- Кіші түрлерді белгілегеннен кейін және "бұдан әрі" батырмасын басқаннан кейін лицензия алу үшін талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі (қызмет көрсету стандартынасәйкес) бар бет ашылады.
Заңды тұлғалар үшін
- ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Мәліметтер нысаны);
- Біліктілік санаты берілетін немесе санат берілмейтін маман сертификатының көшірмесі (санитариялық-эпидемиологиялық бейінді мамандарды қоспағанда міндетті емес);
- Үй-жайға немесе ғимаратқа меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
- Жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі;
- Қайта даярлаудан өткені туралы куәліктің немесе біліктілікті арттырудан өткені туралы куәліктің көшірмесі;
- Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны (Мәліметтер нысаны);
- Электрондық құжат нысанында сұрау салу көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған (электронды түрде қалыптасады) (Мәліметтер нысаны).
Жеке тұлғалар үшін

- Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны (Мәліметтер нысаны);
- Электрондық құжат нысанында сұрау салу көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған (электронды түрде қалыптасады) (Мәліметтер нысаны);
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (осы мәліметтер ҚР ӘМ МДҚ-дан алу арқылы шығарылады).
Жеке кәсіпкерлер үшін
- ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Мәліметтер нысаны);
- Біліктілік санаты берілетін немесе санат берілмейтін маман сертификатының көшірмесі (санитариялық-эпидемиологиялық бейінді мамандарды қоспағанда міндетті емес);
- Үй-жайға немесе ғимаратқа меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
- Жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі;
- Қайта даярлаудан өткені туралы куәліктің немесе біліктілікті арттырудан өткені туралы куәліктің көшірмесі;
- Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны (Мәліметтер нысаны);
- Электрондық құжат нысанында сұрау салу көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған (электронды түрде қалыптасады) (Мәліметтер нысаны).
Қажетті құжаттар тізімімен танысып, ал дәлірек айтсақ, оларды дайындап қойған соң (сканерлеп, файлдарға бөліп қойып) "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз.
- Бұдан кейін уәкілетті орган-лицензиарды таңдап, жеке деректері бар алаңдарды толтырып "Бұдан әрі" батырмасын басу қажет.
- Экранда сіз таңдаған медициналық қызметтің қайта растау қажет ететін кіші түрлері бейнеленеді.
- Келесі қадам – бұл біліктілік талаптарының әрбір тармағы бойынша мәліметтер нысанын толтыру. Бұл маңызды сәт, кесте жолдарын мұқият толтырыңыз. Енгізілген деректерді осы қадамда өңдеуге болады, сондықтан соңғы сақтау және әрі қарай өту алдында бәрін қайта тексеруге кеңес береміз.
- Бұдан әрі сізге құжаттардың дайындалған электрондық көшірмелерін жүктеу, яғни қоса беру қажет болады. Файл өлшемі 30 Mb аспауы керек, бұл ретте оларды алдын ала сығуға болады.
- Файлдарды бекітуден кейінгі келесі қадам – онлайн өткізуге болатын лицензиялық алымды төлеу немесе төлем құжаты туралы ақпаратты енгізу. Алым сомасы 10 АЕКқұрайды. Сондай-ақ сіздге салық органын, БСК (бюджеттік сыныптама коды) - 105402 және ТМК (төлем мақсатының коды) - 911 (Бюджетке есептелген және өзге де міндеттемелер) көрсету қажет болады.
- Соңғы қадам ЭЦҚ көмегімен берілетін онлайн-өтінімге қол қою болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ЭЦҚ арқылы қол қояды, оның атауы RSA-дан басталады, ал заңды тұлғалар GOST арқылы қол қояды..
Берілген өтінімнің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде көруге болады. Мәртебелері мынадай болады: "Жіберілді", "Жұмыста", "Берілді" немесе "Бас тартылды".
Берілген лицензияны қарау үшін "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөліміне өтіп оны PDF форматында жүктеу қажет.