Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Мұнайлы аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның Байқау кеңесі (Маңғыстау облысы, 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, 24 орам, құрылыс 45 (электрондық пошта – gkkppoliklinika@mail.ru)) Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Мұнайлы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын) директорының бос лауазымына конкурс өткізетіні туралы хабарлайды:
Денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ медициналық және дәрігерлік қызметті жүзеге асыру, азаматтардың ауруларын диагностикалау мен емдеу, облыс тұрғындарына мамандандырылған, тиімді және сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету мен көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, азаматтардың денсаулығын нығайту;
- Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
- Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
- Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
- Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.
- Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.
- Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
- Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді
5.1. Білуі керек:
- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңы;
- қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
- денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
- басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
- медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы;
- денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер;
- халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
- отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;
- төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру;
5.2. Біліктілікке қойылатын талаптар:
- "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктер; немесе "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес және құқық" дайындық бағыты бойынша; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы, денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26 бабының 2 және 3 тармақтарына сәйкес:
1) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды;
2) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді.
1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;
5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына (gkkppoliklinika@mail.ru) құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады. Құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі – 20 ақпан 2021 жыл.
Үміткерлердің кокурсқа қатысу бойынша құжаттары Байқау кеңесімен қаралған соң және құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда конкурс үміткері әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурстық өтінімнің түпнұсқасы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Мұнайлы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК, Маңғыстау облысы, 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, 21 орам, құрылыс 30 мекенжай бойынша жіберіледі.
Әңгімелесу мынадай кезеңдерден тұрады:
1) Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы;
2) кандидаттың құзыретін бағалау
Анықтама үшін телефон нөмірлері: 8 775 317 70 20 (Калиев С.А. – Байқау кеңесінің хатшысы)