Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы «№ 2 Жаңаөзен қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бос тұрған № 2 Жаңаөзен қалалық емханасының директор лауазымдық қызметіне орналасуға конкурс жариялайды:
Конкурс өткізілетін күн және орны: 2020 жылғы « 27» қараша Жаңаөзен қаласы, Шаңырақ шағынауданы, құрылыс 48/4, 4-қабат, 408-бөлме. анықтама телефоны (87076709609) электронды поштаның адресі: Adilhanova_zaure@bk.ru
Орналасқан орнын, пошталық мекенін, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша мекен-жайы, сипаттамасы: Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№ 2 Жаңаөзен қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, 130200, Жаңаөзен қаласы, Шаңырақ шағынауданы, құрылыс 48/4. анықтама телефоны (87076709609) электронды поштаның адресі: Adilhanova_zaure@bk.ru
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Ересектер мен балаларға сапалы және тиімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, медициналық көмектің көлемі мен түрлерін кеңейту және амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуді қамтамасыз ету және т.б.;
облыстық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор / бас дәрігер) үшін: Мемлекеттік лицензияға және оның қосымшаларына сәйкес Жаңаөзен қаласы бойынша медициналық көмек және халыққа клиникалық-диагностикалық қызмет көрсету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: "Қоғамдық денсаулық сақтау"/ "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін)/ "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;
-денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;
-не экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және "Қоғамдық денсаулық сақтау" немесе "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;
-денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;
Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
Білулері қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын. Сонымен қатар конкурсқа қатысушылардың мемлекеттік басқару ұйымы бекіткен біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтар негізінде кәсіби білімдері анықталады.
Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күні ішінде келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;
5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурс жариялаған кәсіпорынға құжаттарын электрондық түрде электрондық почта мекенжайына ұсынады Adilhanova_zaure@bk.ru:, хабарландыруда көрсетілген, құжаттарды қабылдау мерзімі 2020 жылғы «21» қарашаға дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде № 2 Жаңаөзен қалалық емханасына келесі мекен-жай Жаңаөзен қаласы, Шаңырақ шағынауданы, құрылыс 48/4,4-қабат 408-бөлмесіне тапсырылуы тиіс, анықтама телефоны (87076709609).