Республикамызда қызылшаның бұрқ етпелері жиіленді. Екпе егілмеген немесе жартылай егілген азаматтар топтары бар. Ең біріншіден бұл балаларына екпе егуден бас тартып жатқан ата-аналардың көбеюіне байланысты. Қызылшадан сақтаудың бірден-бір амалы ол екпе егу. Қызылшаға қарсы екпе балаларды қызылшадан және келесі аурулардың асқынуынан сақтайды:
Жоқ, жоспарлы екпе тиімді. Жоспарлы екпе арқылы республикамызда қызылшамен ауыратын азаматтар саны оң мындаған адамнан бірнеше жағдайға дейін төмендеді. Осылайша, қызылша ауруының бұрқ етпесі тек екпе арқылы тоқтатылған болатын. Әрбір қосымша екпе денсаулықты нығайтады.
Халық арасында қызылшамен сырқаттанушылық 15 және одан жоғары жастағылар арасында көп тараған. Аурудың таралуы мен жұқтыру қаупі өте жоғары болып келетін ең осал құрам – 15-19 жастағы адамдар болып табылады - бұл мектеп оқушылары, жоғары және орта оқу орындарының студенттері, әскерге шақырылғандар және ұйымдасқан ұжымдарда болатын адамдар.
Қосымша иммундау аумақтық денсаулық сақтау ұйымдарының егу пунктерінде (ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, учаскелік, аудандық орталық, қалалық ауруханалар мен емханалар) және білім беру ұйымдарында (мектептер, орта және жоғары оқу орындары) жүзеге асырылатын болады.
Жоқ, қызылшаға қарсы екпе егу тегін.
Қызылша – вирус тудыратын жіті инфекциялық ауру. Қызылшаның белгілері: өте жоғары дене қызуы, бөртпе, бас ауруы және жөтел қосылуы мүмкін. Қызылшамен ауырып жүрген адаммен қатынаста болған, екпе егілмеген адамдардың барлығына дерлік жұғады. Ауыр жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.
Қызылша вирусы науқас адамнан сау адамға мұрын немесе көмей бөлінділерімен тура және жанспалы түрде қатынаста болғанда, яғни сөйлескен кезде, жөтелгенде, түшкіргенде, науқас бөлмеден шығып кеткен соң да, ауру жұғуы мүмкін.
Қызылшаға қарсы екпе егу арқылы қызылшаның алдын алуға болады.
Иә - қазылшаға қарсы екпе қауіпсіз, әрі тиімді, Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен қызылшаның алдын алу үшін ұсынған. Вакцина өндірісі Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Қызылшаға қарсы екпе әлемнің 45 елінде, оның ішінде Ұлыбритания, Ресей, Швейцария, Нидерланд, Франция, Германия және басқа да еуропалық елдерде қолданылған.