Приказ управления от 05 июня 2023 года №155 " О распределении территории Мангистауской области в связи с появлением вновь вводимых в эксплуатацию организаций здравоохранения"

Жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау ұйымдарының пайда болуына байланысты Маңғыстау облысының аумақтық қызмет көрсету аймақтарын бөлу туралы

 

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына (бұдан әрі-№ ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығы)  сәйкес, қадамдық қолжетімділікті ескере отырып, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Сенім» медициналық клиникасы ЖШС-нің «SMA Company KZ» ЖШС-не берілетін аймақтары мен берілетін аймақтарға байланысты мамандармен қамтамасыз ету шаралары бекітілсін;
  2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының аумақтық қызмет көрсету аймақтарына өзгерістер енгізіліп, қайта бекітілсін;
  3. Осы бұйрықтың көшірмесі мүдделі ұйымдарға жолдансын;
  4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын;
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Негіздеме: 1) «SMA Company KZ» ЖШС-нің 2023 жылғы 01 маусымдағы №17 шығыс хаты;

2) «Сенім» ЖШС-нің 2023 жылғы 02 маусымдағы №599 шығыс хаты;

 

Басқарма басшысы                                                                    А. Жумиров

Дата публикации
06 июня 2023