"Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ Маңғыстау облысына арналған Канакинумаб дәрілік препараты бойынша фармацевтикалық қызметтерді сатып алу бойынша 2023 жылға арналған тендер өткізілетіні туралы хабарлайды

"Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ Маңғыстау облысына арналған Канакинумаб дәрілік препараты бойынша фармацевтикалық қызметтерді сатып алу бойынша 2023 жылға арналған тендер өткізілетіні туралы хабарлайды. Сатып алынатын тауарлардың халықаралық патенттелмеген атаулары, олардың саны және егжей-тегжейлі ерекшелігі тендерлік құжаттамада көрсетілген. Тауар медициналық ұйымдарға Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша күнтізбелік 15 күн ішінде жеткізілуі тиіс.
Тендерлік құжаттама пакетін "Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы"ММ ресми сайтынан алуға болады.

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 4 мамыр сағат 10: 00-ге дейін, каб. 301

Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2023 жылғы 4 мамыр сағат 12:00-де келесі мекенжай бойынша ашылады: Ақтау қ., 3 шағын ауданы. 100 үй, 1 қабат, мәжіліс залы
Әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8(7292) 30-20-60 телефоны арқылы алуға болады.

Дата публикации
13 апреля 2023