"Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ-нің Ережесі

«Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Мекеме) Маңғыстау облысы аумағында денсаулық сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады. Мекеменiң миссиясы халық денсаулығын сақтау және салауатты өмiр салтын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттiк саясатты жүргiзу болып табылады. Мекеменің негізгі міндеттері: салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру, азаматтардың денсаулығын сақтау жөнiндегi мемлекеттiк, нысаналы және кешендiк бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзараіс-қимыл жасау, денсаулық сақтау кадрларын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру, азаматтардың денсаулығын сақтау саласында салааралық ынтымақтастықты дамыту.

Басқарма ережесі
Дата публикации
01 июля 2020