«Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі 2022 жылғы Маңғыстау облысына Канакинумаб дәрілік препараты бойынша фармацевтикалық қызметті сатып алу тендерін ұйымдастыру труралы жариялайды. Сатып алынатын тауарлардың халықаралық патенттелмеген атаулары, олардың саны және толық сипаттамасы конкурстық құжаттамада көрсетілген. Тауарлар Тапсырыс берушінің өтініші бойынша 15 күнтізбелік күнде медициналық ұйымдарға жеткізілуге тиіс.
Тендерлік құжаттаманың пакетін Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтынан алуға болады.
Тендерлік өтінім ұсынудың соңғы мерзімі - 2022 жылдың 02 маусым айының сағат 10:30-ге дейін, каб. 303.
Тендерге қатысу туралы тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2022 жылы 02 маусым айының сағат 12:00-де келесі мекен-жай бойынша ашылады: Ақтау қаласы, 3 шағын аудан 100 ғимарат, каб. 301
Әлеуетті жеткізушілер тендерлер бар конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8(7292) 30-20-46 телефоны бойынша алуға болады.