Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайта сатып алу туралы хабарландыру.
"Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ, Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 3 шағын ауданы, мекенжайы бойынша орналасқан. 100 - үй, банктік деректемелері: БСН 800940000019, ЖСК KZ260705022532751001, БСК KKMFKZ2A ТПК Маңғыстау облысының Қазынашылық департаменті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 қаулысымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына (бұдан әрі-қағидалар) сәйкес, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу 2022 жылға арналған "буллезді эпидермолиз" диагнозы (3 лот).
1-қосымшада: сатып алынатын медициналық бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атаулары (саудалық атауы - жеке көтере алмайтын жағдайда), сатып алу көлемі, жеткізу орны, әрбір тауар бойынша сатып алуға бөлінген сома көрсетілген;
Конверттерге желімделген, 2022 жылға арналған медициналық бұйымдардың баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер 2022 жылғы 08 ақпан сағат 15.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша ұсынады: 130000, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, 100 ғимарат, "Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ 301 кабинет Мемлекеттік сатып алу бөлімі. Байланыс телефондары:8 (7292) 302052
Өтінімдер салынған конверттерді ашу 2022 жылғы 16.30 01 ақпанда мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 130000, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, 100 ғимарат, "Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ 301 кабинет Мемлекеттік сатып алу бөлімі.
97.Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін мөрленген түрде бір ғана баға ұсынысын береді. Конверт Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімдерде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқықтарын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын тауарлардың осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.
98.Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі сұрау салудың және сатып алудың үлгі шартының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың талаптарын сақтай отырып, оның тауарды беруді жүзеге асыруға немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге келісімін білдіру нысаны болып табылады.