«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау көп бейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК ангиографиялық рентген аппаратын сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы АҚПАРАТ

«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау көп бейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК ангиографиялық рентген аппаратын сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы

АҚПАРАТ

 

«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау көпбейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК ангиографиялық рентген аппаратын сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс жариялайды.

Жобаның атауы: "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау көпбейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК ангиографиялық рентген аппаратын сенімгерлік басқаруға беру».

Мақсаты: тиімділікке, қаржылық тұрақтылыққа және өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсуін қолдауға бағдарланған денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту.

МЖӘ жобасының құны: шамамен 53 440,780 мың теңгені құрайды.

МЖӘ объектісінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 26 шағын аудан, № 71/3 ғимарат.

МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: 13 (он үш) жыл.

Әлеуетті жекеше әріптестер не олардың уәкілетті өкілдері конкурсқа қатысуға өтінімдерді (белгіленген үлгідегі) конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, №100 ғимарат, № 309 кабинет мекенжайы бойынша ұсынады.

Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2021 жыл 30 желтоқсан 16 сағат 00 минут.

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ.

Байланысушы тұлға: Алтураев Ғалым Бисенбайұлы

Телефондар: 8 (7292) 30-20-48

Конкурстық құжаттаманың көшірмесін жұмыс күндері сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін және 14-00-ден 18-00-ге дейін мына мекенжай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, №100 ғимарат, кабинет 309.

Дата публикации
30 ноября 2021