"Маңғыстау облысының халқын бір ауысымда 300 адам қабылдайтын емхананы пайдалануға беру жолымен бастапқы медициналық-санитариялық көмекпен (бұдан әрі – БМСК) қамтамасыз ету" МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы " ММ "Маңғыстау облысының халқын бір ауысымда 300 адам қабылдайтын емхананы пайдалануға беру жолымен бастапқы медициналық-санитариялық көмекпен (бұдан әрі – БМСК) қамтамасыз ету" МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Жобаның атауы: "Маңғыстау облысының халқын бір ауысымда 300 адам қабылдайтын емхананы пайдалануға беру жолымен бастапқы медициналық-санитариялық көмекпен (бұдан әрі – БМСК) қамтамасыз ету".

Жобаны іске асыру саласы: Жоба денсаулық сақтау саласында іске асырылады.

МЖӘ жобасының мақсаты: Тұрғындарды бастапқы медициналық-санитариялық көмекпен қамтамасыз ету.

МЖӘ объектісінің жобалық қуаты: Ауысымына 300 келушіге арналған.

Жобалық құны: 3 147 985 мың тенге.

Жобаның іске асыру орны: ҚР, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №34а шағын аудан.

МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі 336 ай және одан астам, оның ішінде:

Құрылыс кезеңі: 24 (жиырма төрт) ай;

Пайдалану кезеңі: 312 (үш жүз он екі) ай.

Жобаны салу мен іске асырудың осы мерзімдері шамамен және болжамды болып табылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптестер 2021 жылдың 20 желтоқсан күні 16 сағат 00 минутқа дейін  "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ-нің техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты ұсыну қажет, сондай-ақ қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну қажет, оның негізінде "МЖӘ туралы" ҚР Заңының 32-бабына сәйкес біліктілік іріктеу жүргізілетін болады.

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ.

Байланыс деректері: Алтураев Ғалым Бисенбайұлы;

Тел.: 8 (7292) 30-20-48

Құжаттар көшірмелерінің пакетін сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-18.30-ға дейін (жергілікті уақыт бойынша) мына мекенжай бойынша алуға болады: ҚР, Ақтау қаласы, № 3 шағын аудан, №100 ғимарат, 3 қабат, № 309 кабинет.

Құжаттар көшірмелерінің пакеті осы конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап сұрау салу бойынша ұсынылады.

"Маңғыстау облысының халқын бір ауысымда 300 адам қабылдайтын емхананы пайдалануға беру жолымен бастапқы медициналық-санитариялық көмекпен (бұдан әрі – БМСК) қамтамасыз ету" МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру
Дата публикации
22 октября 2021