Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының
2024 жылғы «___» _________
№ _____ бұйрығына
2-қосымша
Цифрландыру және ақпараттандыруды дамыту бөлімінің ережесі
- Жалпы ережелер
- Цифрландыру және ақпараттандыруды дамыту бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Маңғыстау облысы цифрлық технологиялар басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, облыс әкімдігі мен әкімінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлімнің құрылымын, штат санын мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде бекітеді.
- Бөлім:
1) бөлім басшысынан;
4) бас маманнан тұрады.
- Бөлім персоналын функционалдық басқаруды және желілік басшылық етуді Бөлім басшысы жүзеге асырады.
- Цифрландыру және ақпараттандыруды дамыту бөлімінің міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері
- Міндеттері:
- қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және оларды экономика мен тіршілік етудің негізгі салаларына енгізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
- «SmartCity» технологияларын енгізу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- облыстың жергілікті атқарушы органдарының, байланыс операторларының және өзге де мүдделі ұйымдардың елді мекендерді сапалы байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету бөлігінде өзара іс-қимылын үйлестіруге;
- Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- облыстың жергілікті атқарушы органдары «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерімен өзара іс-қимыл жасау үшін техникалық мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
- жергілікті атқарушы органдардың ашық деректер порталын толтыру жөніндегі жұмыстарын үйлестіру.
- Функциялары:
- Басқармада ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, «электрондық үкімет» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
- ақпараттық жүйелерді құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асырады;
- «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құрады және дамытады;
- келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуын жүзеге асырады, олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын бақылайды.
- «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асырады;
- мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз етеді;
- техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды және оның сұрауы бойынша оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына ұсынуды қамтамасыз етеді;
- экономиканың негізгі салаларына цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмысты қамтамасыз етеді;
- «SmartCity» технологияларын енгізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- облыс аймағында цифрлық технологиялармен жұмыс істеудің бірыңғай ережелерін құруды қамтамасыз етеді;
- өз құзыры шегінде ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалауды арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және шаралар қабылдайды;
- халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және қауіпсіздік мәселелері бойынша тұрғындардың мемлекеттік органдармен, коммуналдық кәсіпорындар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер ұсынуды ұйымдастырады;
- цифрландыру жобаларын іске асырады;
- цифрландыру саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асырады;
- облыстың атқарушы органдарының және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының ақпараттандыру жұмыстарын орталықтандырылған түрде жүргізеді;
- облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, азаматтармен және мүдделі ұйымдармен цифрландыру және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіреді, консультациялық және әдіснамалық көмек көрсетеді;
- ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру бойынша шаралар қабылдайды;
- мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттың өзектілігіне мониторинг және талдау жүргізеді;
- облыстың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" АҚ жергілікті филиалдары және "электрондық үкімет"порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету жөнінде шаралар қабылдайды;
- Бөлім жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
- облыстың жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасын жақсарту үшін «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін енгізу және жетілдіру жөніндегі жұмыстарға талдау жүргізу, жоспарлау және ұйымдастыру;
- Бөлім құзыреті шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтерді жеткізуші компаниялардың міндеттемелерінің уақтылы және сапалы орындалуын бақылау;
- Бөлім құзыреті шеңберінде облыстың жергілікті атқарушы органдары (облыс әкімінің аппараты, облыстық басқармалар, қалалар мен аудандардың әкімдіктері) ашық деректердің интернет-порталында орналастыратын ашық деректер тізбесінің өзектендірілуін бақылау;
- облыстың жергілікті атқарушы органдарының (облыс әкімінің аппараты, облыстық басқармалар, қала мен аудан әкімдіктері) ашық деректердің интернет-порталында ашық деректерді орналастыру мәселесі бойынша жұмысты үйлестіру;
- облыстың жергілікті атқарушы органдарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасына қосуды қамтамасыз ету және ұйымдастыру;
- Басқарманың ақпараттық жүйелерін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қамтамасыз ету;
- ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторынан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
- телекоммуникация және байланыс саласындағы уәкілетті органмен, оның құрылымдық бөлімшелерімен облыстың елді мекендерін байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету бөлігінде өзара іс-қимыл жасау;
- облыстың елді мекендерінде интернет желісіне кең жолақты қолжетімділіктің болуына талдау жүргізу.
- Құқықтары мен міндеттері:
Цифрландыру және ақпараттандыруды дамыту бөліміне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекiтiлген тәртiппен:
1) цифрландыру және ақпараттандыруды дамыту бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің шешімдері, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындауға қатысуға;
2) мемлекеттiк органдардан, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
3) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
4) облыстың, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының цифрландыру және ақпараттандыруды дамыту бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жұмысына талдау жүргізуге;
5) өз құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;
6) Басқарманың жетекшілік ететін мәселелері бойынша ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізуге құқылы.
- Міндеттері:
- цифрландыру және ақпараттандыруды дамыту саласындағы бірыңғай талаптарды, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын сақтауға;
- өз қызметінде заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;
- заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
- қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
- өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;
- жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға міндетті.
- Цифрландыру және ақпараттандыруды дамыту бөлімінің қызметін ұйымдастыру
- Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
- Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшы басқарады.
- Бөлім басшысы Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы Басқарма басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді.
- Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.