
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ өз функциялары шегінде консультациялық көмек көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен (басқармалар, департаменттер) өзара іс қимыл жасайды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
ЕСЕНӘЛІ ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫ ИСА
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау кестесі:
Дүйсенбі-жұма сағ. 09.00-12.30; 14.00-18.30
Қабылдау мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағ/аудан, 1 ғимарат,
№ 106 кабинет, тел.: 8 (7292) 46-21-11 (ішкі 1029)