Мемлекеттік қызметшілердің Этикалық Стандарттарының негізгі талаптары бойынша жадынама

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының ЖАДЫНАМАСЫҚұрметті әріптестер! Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс, ал қоғам мемлекеттік қызметшіні өз күш-жігерін, білімін  және атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірибесін сала отырып, құмарлықпен және адал өз Отанына – Қазақстан Республикасына қызмет ететіндігіне сенуі қажет. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдеп жөнінде нені білу керек? Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары:-    заңдылық;-   Қазақстандық патриотизм;-   азаматтың құқықтары, бостандығы мен заңды мүддесінің мемлекет алдындағы басымдығы;-   лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;-   мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығы;-   әдептілік;-   құқық бұзушылықтарға төзбеушілік. Мемлекеттік қызметшілердің орындауы тиіс негізгі әдептілік талаптары:-   жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына негізделген мемлекеттік қызметтің әдеп нормалаларының негізі мен қағидаларын  сақтауға;-   мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық қаупін тудыруға қарсы іс-қимыл жасауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеуге;-  егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға;-   «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен көзделген міндеттерді атқаруға, тыйым салған және шектерді сақтауға;-   мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды жасамауға;-   мүдделер қақтығысын болғызбауға және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға;-   егер мүдделер қақтығысы болған жағдайда лауазымдық міндеттерін орындамауға;-   қызметтік функцияны атқаруға қатысты тиімді, нәтижелі, ашықтық тәсілдерді іздеуге және пайдалануға;-   Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;-   өзіне бағынысты мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктері шеңберінен шығатын тапсырмаларды орындауды талап етпеуге;-   қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып өзіне және отбасы мүшелеріне игіліктер және артықшылықтар алмауға;-   лауазымдық міндеттерін пайдакүнемдік және өзге де жеке мүдделері үшін пайдаланбауға;-   пара немесе параға жақын құқық бұзушылыққа жататын құқық бұзушылықтарды жасамауға;-   қызметте жалпы қамқорлық немесе қызмет бабында кетушілікке жол бермеуге;-   мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар бермеуге;-   шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетпеуге;-   қызметтік тәртіпті сақтауға, басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін уақытылы орындауға;-   қызметтік ақпаратты жарияламауға, оның ішінде әдеуметтік желілер арқылы;-   Қазақстанда тұратын барлық ұлттың салт-дәстүрлерін, ғұрыптарын және тілдерін құрметтеуге;-   өз өкілеттігін атқара отырып жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін жеке мүддесі үшін пайдаланбауға;-   әріптестерімен және азаматтармен іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға;-   қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын сақтауға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге;-   әріптестеріне өз діни көзқарасын ашық көрсетпеуге, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге;-   сырт келбеті іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленуге;-   сыбайлас жемқорлық көріністерін жасады деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға;-   көпшілік алдында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарын сақтауға;-   мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікір-сайысты сыпайы нысанда жүргізуі тиіс. Қызметтік әдеп нормаларын қолдануда талас туындаған жағдайда Сіз мемлекеттік органның әдеп жөніндегі уәкіліне (ол жөнінде ақпарат мемлекеттік органның интернет-ресурсында және мемлекеттік органның ғимаратында баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған)  және Агенттікке 8 (717) 275-34-12 телефоны арқылы немесе оның аумақтық құрылымдарына шағымдана аласыз. Құрметті әріптестер!Қызметтік әдеп нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әр түрлі құқық бұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай-ақ тәртіптік шара қолдануға алып келеді. Мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын мінсіз сақтау қызметтегі бағалауда және ілгерілеуде оң әсерін тигізеді. 

 

 

Дата публикации
01 декабря 2023