Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың (бұдан әрі – тұлғалар)алған сыйлықтарын мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi органға немесе жергілікті атқарушы органға өткізуі туралы
ЖАДЫНАМА
Сыйлықты өткізу тұлғаның сатып алу не болмаса сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламасын (бұдан әрі – хабарлама) тіркей отырып белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган немесе ЖАО түзген мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-тапсыру актісімен жүргізіледі.
Ал сыйлықты сатып алған жағдайда жоғары тұрған лауазымды тұлға хабарламаға сатып алу келісімі туралы белгі (Аты-жөні, лауазымы, мөрмен расталған қолтаңбасы) қояды.
Тұлғалардың ЖАО-ға өткізген сыйлықтары бойынша бағалау жасау және сатып алу-сату туралы келісім жасасу мерзімі жергілікті атқарушы органынан тиісті хабарлама алған сәттен бастап есептеледі.
Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 472 бабының 1 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, уәкілетті органға сыйлық түріндегі мүліктерді толық және (немесе) уақтылы бермеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, әкімшілік-құқықтық жаауапкершілік қарастырылған.
Уәкілетті орган мекен-жайлары туралы мәліметтер қоса тіркеледі.
Жадынамаға қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің
Аумақтық бөлімшелерінің тізімі
|
№ п/п |
Атауы |
Мекен-жайы |
|
1 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қалалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті |
010000, Астана қ., Әуезов көшесі 14 |
|
2 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қалалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті |
050051, Алматы қ., Достық даңғылы, 134 |
|
3 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті |
020000, Көкшетау қ., М. Әуезов көшесі, 230 |
|
4 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті |
030020, Ақтөбе қ., Ш. Қалдаяқов көшесі, 33 |
|
5 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті |
040000,Талдықорған қ., Тәуелсіздік көшесі, 75 |
|
6 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Жетісу филиалы |
050000, Алматы, қ. Желтоқсан көшесі, 114 |
|
7 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті |
060002, Атырау қ., Абай көшесі, 10а |
|
8 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті |
070004, Өскемен қ., Крылов көшесі, 114 |
|
9 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Семей филиалы |
071405, Семей қ., Интернациональная көшесі, 38 |
|
10 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті |
080009, Тараз қ., Әл-Фараби көшесі, 11 |
|
11 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті |
090006, Орал қ., Достык-Дружба даңғылы, 208 |
|
12 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті |
100000, Қарағанды қ., Костенко көшесі, 6 |
|
13 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Жезқазған филиалы |
100602, Жезқазған қ., Гагарин даңғылы, 37А |
|
14 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті |
110000, Қостанай қ., Гоголь көшесі, 75 |
|
15 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті |
120001, Қызылорда қ., Д.Қонаев көшесі, 7 "А" |
|
16 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті |
130000, Ақтау қ., 9 м/а, 23 үй |
|
17 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті |
160011, Шымкент қ., Ильяев көшесі, 24 |
|
18 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті |
140000, Павлодар қ., Академик Сәтпаев көшесі, 136 |
|
19 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті |
150000, Петропавл қ., Советская көшесі, 34 |
|
20 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті |
468320, Байқоңыр қ., Королев даңғылы, 33 |