«Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы

«Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы»  мемлекеттік

 мекемесін құру туралы

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) құрылсын.
  2. Қоса беріліп отырған мемлекеттік мекеменің Ережесі бекітілсін.
  3. «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы (Н.Т. Тәжібаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

мемлекеттік мекеменің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

  1. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (Қ.С. Берішбаев) мемлекеттік мекемені мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың Тізіліміне енгізсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғ.М. Ниязовқа жүктелсін.

 

 

Маңғыстау облысының әкімі                                                    С. Трұмов

Дата публикации
05 февраля 2021