Положение о государственном учреждении «Управление цифровых технологий Мангистауской области»

 

 

 «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы»   мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметінде пайдаланылатын цифрландыру, ақпараттандыру, электрондық мұрағаттарды және облыстық деңгейдегі ақпараттық жүйелердің деректер базасының көшірмелерін қалыптастыру саласында басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы»   мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130000, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  10. «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жұмыс уақытының ұзақтығы күнделікті сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (сенбі мен жексенбіден басқа), демалыс және тамақтану үшін үзіліс сағат 12-ден бастап белгіленеді. Сағат 14.00-ге дейін.
  11. Осы Ереже «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2-тарау.  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Маңғыстау облысында цифрландыру және ақпараттандыру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру.
  2. Міндеті:

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

2) экономиканың негізгі салаларында цифрлық технологияларды енгізуді уақтылы және коммуникациялық үйлестіруді дамыту және енгізу үшін жағдайлар жасау;

3) тәуекелдерді бағалауды жүргізу, аумақтың профилін қалыптастыру, қолданыстағы инфрақұрылымды бағалау, «Ақылды қала» жобасының даму көрсеткіштерін анықтау, «Ақылды қала» жобасының жүйелік құраушы компоненттерінің дамуын облыстың жергілікті атқарушы органдары арасында үйлестіру, бірыңғай тәсілді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

4) цифрландыру, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдармен, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторымен, «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету»;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

  1. «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;

2) «электрондық үкімет» архитектурасын дамыту бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын ескере отырып, «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын енгізу;

3) жергілікті атқарушы органның қызметін және мемлекеттік органдардың сәулетін әзірлеу, енгізу, қолдау, бақылау және дамыту ережелерін ескере отырып, «электрондық үкіметтің» сәулетін, «электрондық әкімдік» типтік архитектурасын дамытуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

4) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту;

5) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарының дұрыстығын және өзектілігін қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік органның архитектурасын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады және оның іске асырылуы мен дамуын қамтамасыз етеді, «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасы негізінде Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының архитектураларын әзірлеу мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;

7) мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін тіркеуді, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, объектілердің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды қамтамасыз ету;

8) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру құралдарын құру мен дамытудың жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға қол жетімді ақпаратты олардың интернет-ресурстарына орналастыру;

9) әзірленген бағдарламалық жасақтаманы, бастапқы бағдарламалық кодтарды (бар болса), «электрондық үкіметтің» компьютерлендіру құралдарына арналған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің параметрлерін жиынтығын есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету;

10) «электрондық үкіметті» ақпараттандыру объектілерін құру мен дамытуда стандартты шешімдерді қолдануды жүзеге асыру;

11) Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарында цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдайлар жасау;

12) ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу;

13) мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін тіркеуді, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы ақпаратты есепке алуды, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамаларының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» сәулеттік порталында мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы ақпаратты жаңартуды, Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдардың осы саладағы қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;

14) операторды «электрондық үкімет» веб-порталының мазмұнына қажетті электрондық ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету;

15) мемлекеттік органдардың Интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында Интернет-ресурстарды орналастыру үшін жағдайлар жасау;

16)  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы көпшілікке қол жетімді ақпаратты орналастыру.

17)  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ашық деректерін Интернет порталда қазақ және орыс тілдерінде орналастыру;

18) Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының ашық деректерін Интернет деректер порталында орналастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;

19) ашық деректердің интернет-порталында орналастырылған ашық мәліметтердің тізбесін әзірлеу, уәкілетті органмен келісу және облыс әкімдігіне бекітуге жіберу;

20) Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында онлайн-трансляциялауды дайындау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;

21) цифрландыру және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бағдарламалармен қарастырылған бағыттар мен жобаларда цифрландыру жобаларын іске асыру;

22) Маңғыстау облысы деңгейінде жүзеге асырылатын цифрландыру және ақпараттандыру саласындағы жобаларды насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу;

23) Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының республикалық деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және облыстық деңгейдегі ведомстволық ақпараттық жүйелерді пайдалану тиімділігіне мониторинг жүргізу;

24) «электрондық үкіметті» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау ережелеріне сәйкес және қорғау профилімен анықталған және мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі бойынша бірлескен жұмыс туралы келісім-шартпен жасалынған ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіруді қамтамасыз ету;

25) Маңғыстау облысының елді мекендерінде интернетке кең жолақты қол жетімділіктің болуын талдау;

26) Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Бірыңғай көліктік ортасына қосылуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру;

27)  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін бағыт бойынша Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының тиімділігін бағалау жөніндегі уәкілетті органға есептік ақпаратты ұсыну, тиімділікті бағалау нәтижелерін талдау, көрсеткіштерді жақсарту бойынша жоспарлар жасау және іске асыру;

28) мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары бойынша тендер немесе тікелей келіссөздер ұйымдастыру;

29)мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы келісімдер жасасу;

30) жергілікті өзін-өзі басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

  1. Құқықтар мен міндеттер:

1)  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындауға қатысады;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға ақпарат беруге;

3) облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

4)  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының жұмысына талдау жүргізеді;

5)  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік, консультациялық көмек көрсетеді;

6) жобалық басқару тетіктерін іске асыру шеңберінде құрамына Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдерін тарта отырып және квазимемлекеттік сектор ұйымдары мен өзге де ұйымдардың өкілдерін келісу бойынша  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін бағыттар бойынша жобалық кеңселерді құруға бастамашылық етеді;

7) Маңғыстау облысының аумағында цифрландыру және ақпараттандыру процесін жетілдіру жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;

8) цифрландыру және ақпараттандыру мәселелері бойынша ақпараттық-таныстыру іс-шараларын (форумдар, семинарлар, кеңестер, көрмелер, жәрмеңкелер) ұйымдастырады және өткізеді;

9) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес қызметті жүзеге асырады;

10) сот органдарында  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырады;

11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

 

3-тарау.  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. « «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Маңғыстау облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
  4. «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1)  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

2)  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларды, облыс әкімінің және облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларын орындауға дербес жауапты болады;

3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

4)  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережені және белгіленген штат саны мен еңбекақы төлеу қоры шегінде желісін бекітеді;

5)  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің құзіреті мен өкілеттіктерін айқындайды;

6)  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

7) заңнамада белгіленген тәртіппен  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

8)  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді шешуге сенімхат беру арқылы құқық береді;

9)  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

10) сараптау-тексеру және әдістемелік комиссияның төрағасы болып табылады;

11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізеді және осы бағыттағы жұмыстарға дербес жауап береді;

12) басшылық лауазымдарға ерлер мен әйелдерді тағайындау кезінде гендерлік тепе-теңдікті қамтамасыз етеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
  2. Басшы өз орынбасарының, құрылымдық бөлімшелер басшысының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4- тарау.  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

 «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау.  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату

 

27.  «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата публикации
05 февраля 2021