2024 жылғы 1 шілдеден бастап Бейнеу ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер мен ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінде («Бейнеу ауданы әкімі аппараты» ММ, «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі» ММ, «Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Бейнеу аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ, «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрлысы бөлімі» ММ, «Бейнеу ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Сарға ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Боранқұл ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Есет ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Сыңғырлау ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Тұрыш ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Тәжен ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Төлеп ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Сам ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізетіндігін хабарлайды.
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына алаяқтықпен күресудің жаңа әдістері енгізілді
Мемлекеттік корпорация мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздіксіз күрес жүргізуде. Жүргізуші куәліктеріне теориялық емтихандарды тапсырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін бұған дейін 3.0 ЖЖЕ жүйесі енгізілген болатын. Енді тестілеу процесін шулы электромагниттік жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын технологияның көмегімен де бақылауға болады.
Айта кетейік, әрбір үшінші жүргізуші куәлігін алуға үміткер айласын асырып, теорияны микроқұлаққаппен тапсыруға тырысады. Бұл олқылықты болдырмау үшін Мемлекеттік корпорация оларды анықтайтын арнайы детекторлар енгізді.
«Микроқұлаққаптардың диаметрі 2 миллиметрден аспауы мүмкін, оларды көру мүмкін емес болғандықтан біз жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын жүйе енгіздік. Ол микроқұлаққаптардың бар-жоғын бірден анықтап, ХҚКО операторына дереу хабарлауға қауқарлы. Сондай-ақ, бағдарлама автоматты түрде экранға микро құлаққап табылғаны және тестілеу тоқтатылатыны туралы хабарламаны шығарады», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» Басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Оразалимов.
Естеріңізге сала кетейік, көмекші техниканы, үшінші тұлғалардың көмегі мен кеңестерін пайдаланудың барлық фактілерін Мемлекеттік корпорация тіркейді. Бұл ретте емтихан нәтижелері жойылады. Емтиханға қайта кіру үш айдан кейін ғана мүмкін болады. Айта кетейік, ЖЖЕ 3.0 жүйесі енгізілген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін емтиханды түрлі айла-шарғымен тапсырудың 222 фактісі анықталды.
Қазақстанның электрондық үкімет порталының мәліметінше, 2024 жылы жұмыс істейтін азаматтар 11 қосымша күн демалады.
Наурызда олардың төртеуі болады: 8-і – Халықаралық әйелдер күні, сондай-ақ 21, 22 және 25-і – Наурыз мерекесіне орай. Наурыз мейрамы үш күн тойланатындықтан 25 наурыз, дүйсенбі демалыс күні болады, ал биылғы жылдың 23 наурызы сенбіге сәйкес келеді.
Мамыр айында тағы үш қосымша демалыс болады: Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне (1 мамыр), Отан қорғаушылар күніне (7 мамыр) және Жеңіс күніне (9 мамыр). Құрбан айттың бірінші күні 16 маусым – жексенбіге сәйкес келеді (демалыс күнін кейінге қалдыру болмайды).
Сонда қазақ халқы 8 шілдеде демалады. 6 шілде Астана күні сенбіге сәйкес келетіндіктен демалыс күні кейінге шегеріледі. Осыдан кейін жұмысшылар 30 тамызда (Конституция күні), 25 қазанда (Республика күні) және 16 желтоқсанда (Тәуелсіздік күні) демалады. Бұл сәйкесінше екі жұма және бір дүйсенбі болады.