Бейнеу ауылындағы атауы қайталанатын көшелерге қайта атау беру туралы жергілікті қоғамдастық жиналысы 2025 жылдың 27 маусым күні сағат 10:00-де ауыл әкімдігі ғимаратында өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Мекен жайы: Бейнеу ауылы, Д.Тәжіұлы көшесі, "Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
"Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары: 8(72932) 2-12-65, 2-22-96
Бейнеу ауылындағы атауы қайталанатын көшелерге қайта атау беру туралы жергілікті қоғамдастық жиналысы 2025 жылдың 11 маусым күні сағат 10:00-де ауыл әкімдігі ғимаратында өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Мекен жайы: Бейнеу ауылы, Д.Тәжіұлы көшесі, "Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
"Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары: 8(72932) 2-12-65, 2-22-96
2024 жылғы 1 шілдеден бастап Бейнеу ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер мен ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінде («Бейнеу ауданы әкімі аппараты» ММ, «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі» ММ, «Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Бейнеу аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ, «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрлысы бөлімі» ММ, «Бейнеу ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Сарға ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Боранқұл ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Есет ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Сыңғырлау ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Тұрыш ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Тәжен ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Төлеп ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Сам ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізетіндігін хабарлайды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау 15 маусымға дейін жалғасады
⠀
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады.
⠀
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады.
⠀
Байқау екі кезеңде өтеді:
1. Аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 1 шілдеге дейін).
2. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) кезең (3 шілдеден 17 шілдеге дейін).
⠀
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірлерінен танылған 20 үздік отбасыға беріледі. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күні қарсаңында Астана қаласында өтеді.
⠀
Толық ақпаратты қалалық, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінен алуға болады.
Байланыс телефондары:
Ақтау қаласы: 8(7292) 33-65-73;
Жаңаөзен қаласы: 8(72934) 77-0-04;
Бейнеу ауданы: 8(72932) 2-10-17;
Маңғыстау ауданы: 8(72931)2-23-61;
Мұнайлы ауданы: 8(7292)46-62-28;
Қарақия ауданы: 8(72937)2-21-09;
Түпқараған ауданы: 8(72938)2-29-01.
#Otbasym2024
#Мерейліотбасы2024
Маңғыстау облысының кадрлық комиссиясы Маңғыстау облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.
Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
2) құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
3) жоғары білімі болуы;
4) үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру;
7) экология.
Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.
Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 14/1 Б-2 ғимарат (облыстық мәслихат ғимараты), 1-ші қабат, 105 кабинет, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасы. Электрондық мекен-жай: mangystau@onir.pkrezerv.gov.kz.
Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей жүктейді.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында , сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында (instagram - @mangystau.onir.rezerv.kz, @elgeqyzmet.mangystau, Facebook - «Маңғыстау облысының Мемлекеттік қызмет істері департаменті») және келесі телефондар арқылы: 8/7292/ 30-36-43, 30-36-44 алуға болады.