GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Все материалы
27 мая 2025
ХАБАРЛАНДЫРУ

Боранқұл ауылындағы атаусыз көшеге атау беру туралы жергілікті қоғамдастық жиналысы 2025 жылдың 27 маусым күні сағат 10:00-де ауыл әкімдігі ғимаратында өткізілетіндігін хабарлаймыз.

Мекен жайы: Боранқұл ауылы, Тәуелсіздік көшесі 16 ғимарат, "Боранқұл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.

"Боранқұл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Байланыс телефондары: 8(72932) 31-2-37

02 октября 2024
Контакт-центр - 111

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі «111» байланыс орталығы 2023 жылдың қазан айында жұмысын бастады.

«111» байланыс орталығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ болып белгіленді. 

«111» байланыс орталығының қызметкерлері қиын өмірлік жағдайға тап болған, әлеуметтік көмек пен құқықтық қолдауды қажет ететін әйелдер мен балаларға тәулік бойы консультативтік көмек көрсетеді, тұрмыстық зорлықзомбылық, қорлау, қорлау құрбаны болған азаматтардың өтініштерін және балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы хабарламаларды қабылдайды.

06 июня 2024
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау 15 маусымға дейін жалғасады

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады.
⠀
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады.
⠀
Байқау екі кезеңде өтеді:
1. Аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 1 шілдеге дейін).
2. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) кезең (3 шілдеден 17 шілдеге дейін).
⠀
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірлерінен танылған 20 үздік отбасыға беріледі. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күні қарсаңында Астана қаласында өтеді.
⠀
Толық ақпаратты қалалық, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінен алуға болады.
 
Байланыс телефондары:
Ақтау қаласы: 8(7292) 33-65-73;
Жаңаөзен қаласы: 8(72934) 77-0-04;
Бейнеу ауданы: 8(72932) 2-10-17;
Маңғыстау ауданы: 8(72931)2-23-61;
Мұнайлы ауданы: 8(7292)46-62-28;
Қарақия ауданы: 8(72937)2-21-09;
Түпқараған ауданы: 8(72938)2-29-01.
 
#Otbasym2024
#Мерейліотбасы2024

15 мая 2024
«Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық конкурсы

Құрметті, Маңғыстау облысының тұрғындары !
 
2024 жылдың 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жыл сайынғы «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталады.
 
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің  жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
 
Конкурсқа еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік салада, ғылымда жоғары жетістіктерге жеткен отбасылар қатыса алады.
 
Барлық мәліметті қалалық, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінен алуға болады.
 
Байланыс телефондары:
Ақтау қаласы: 8(7292) 33-65-73;
Жаңаөзен қаласы: 8(72934) 77-0-04;
Бейнеу ауданы: 8(72932) 2-10-17;
Маңғыстау ауданы: 8(72931)2-23-61;
Мұнайлы ауданы: 8(7292)46-62-28;
Қарақия ауданы: 8(72937)2-21-09;
Түпқараған ауданы: 8(72938)2-29-01.
 
 
#Otbasym2024
#Мерейліотбасы2024

27 февраля 2024
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына алаяқтықпен күресудің жаңа әдістері енгізілді

Мемлекеттік корпорация мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздіксіз күрес жүргізуде. Жүргізуші куәліктеріне теориялық емтихандарды тапсырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін бұған дейін 3.0 ЖЖЕ жүйесі енгізілген болатын. Енді тестілеу процесін шулы электромагниттік жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын технологияның көмегімен де бақылауға болады.

Айта кетейік, әрбір үшінші жүргізуші куәлігін алуға үміткер айласын асырып, теорияны микроқұлаққаппен тапсыруға тырысады. Бұл олқылықты болдырмау үшін Мемлекеттік корпорация оларды анықтайтын арнайы детекторлар енгізді.

«Микроқұлаққаптардың диаметрі 2 миллиметрден аспауы мүмкін, оларды көру мүмкін емес болғандықтан біз жиілігі төмен  сигналдарды анықтайтын жүйе енгіздік. Ол микроқұлаққаптардың бар-жоғын бірден анықтап,  ХҚКО операторына дереу хабарлауға қауқарлы. Сондай-ақ, бағдарлама автоматты түрде экранға микро құлаққап табылғаны және тестілеу тоқтатылатыны туралы хабарламаны шығарады», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» Басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Оразалимов.

Естеріңізге сала кетейік, көмекші техниканы, үшінші тұлғалардың көмегі мен кеңестерін пайдаланудың барлық фактілерін Мемлекеттік корпорация тіркейді. Бұл ретте емтихан нәтижелері жойылады. Емтиханға қайта кіру үш айдан кейін ғана мүмкін болады. Айта кетейік, ЖЖЕ 3.0 жүйесі енгізілген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін емтиханды түрлі айла-шарғымен тапсырудың 222 фактісі анықталды.

20 февраля 2024
2024 жылы қазақстандықтарды қосымша 11 күн демалыс күтіп тұр.

Қазақстанның электрондық үкімет порталының мәліметінше, 2024 жылы жұмыс істейтін азаматтар 11 қосымша күн демалады.

Наурызда олардың төртеуі болады: 8-і – Халықаралық әйелдер күні, сондай-ақ 21, 22 және 25-і – Наурыз мерекесіне орай. Наурыз мейрамы үш күн тойланатындықтан 25 наурыз, дүйсенбі демалыс күні болады, ал биылғы жылдың 23 наурызы сенбіге сәйкес келеді.
Мамыр айында тағы үш қосымша демалыс болады: Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне (1 мамыр), Отан қорғаушылар күніне (7 мамыр) және Жеңіс күніне (9 мамыр). Құрбан айттың бірінші күні 16 маусым – жексенбіге сәйкес келеді (демалыс күнін кейінге қалдыру болмайды).
Сонда қазақ халқы 8 шілдеде демалады. 6 шілде Астана күні сенбіге сәйкес келетіндіктен демалыс күні кейінге шегеріледі. Осыдан кейін жұмысшылар 30 тамызда (Конституция күні), 25 қазанда (Республика күні) және 16 желтоқсанда (Тәуелсіздік күні) демалады. Бұл сәйкесінше екі жұма және бір дүйсенбі болады.

12 февраля 2024
Өңірлік кадр резерві

Маңғыстау облысының кадрлық комиссиясы Маңғыстау облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.
Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
2) құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
3) жоғары білімі болуы;
4) үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру;
7) экология.

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.
Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 14/1 Б-2 ғимарат (облыстық мәслихат ғимараты), 1-ші қабат, 105 кабинет, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасы. Электрондық мекен-жай: mangystau@onir.pkrezerv.gov.kz.
Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей жүктейді.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында , сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында (instagram - @mangystau.onir.rezerv.kz, @elgeqyzmet.mangystau, Facebook - «Маңғыстау облысының Мемлекеттік қызмет істері департаменті») және келесі телефондар арқылы: 8/7292/ 30-36-43, 30-36-44 алуға болады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы