
Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының фейсбук парақшасына және жергілікті баспасөз «Жаңа өмір» газетіне жарияланып, 2025 жылғы 30 маусымда Ұштаған ауылында көше атауы беру туралы қоғамдық тыңдау өтті.
Күн тәртібі
1.Ұштаған ауылындағы көшеге Ерғали Төлесінов атын беру туралы.
Тыңдалды.
Ақтөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ә.Байназаров соғыс және еңбек ардагері Е.Төлесіновтың өмірі және қызметі туралы айтып өтті. Ерғали Төлесінов 1941 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылып, әуелі Украина майданында, соңынан Оңтүстік Кавказ майданында Сухуми, Батуми, Поти қалаларын қорғауда мергендік (снайпер) қызметін атқарған.1942 жылы ауыр жараланып, соңынан елге оралады.
1954 жылы Ленин атындағы колхоздың төрағасы болып сайланады.
1954-1969 жылдары колхозда сапалы тұрғын үйлер, Мәдениет үйі, мектеп, аурухана, кітапхана, пошта, бала-бақша, монша, кеңсе, демалыс орны, парк секілді үлкен құрылыс жұмыстары бой көтеріп, техника жаңартылып саны да өсті. Елге жоғарғы кернеулі электр тоқтары тартылып, су құбырлары желісі жүргізілді. Ленин атындағы колхоз барлық өндірістік көрсеткіштер бойынша аудан, облыс емес Қазақстан бойынша алдыңғы саптардан көрінді.
Ерғали Төлесінов 1967 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған. Елеулі еңбегі үшін Ленин ордені, Құрмет белгісі ордендері, I дәрежелі Отан соғысы және III дәрежелі Даңқ ордендерімен, көптеген медальдармен, мақтау грамоталарымен марапатталған.
Қаулы.
Осы хаттаманы тиісті органдарға жолдау «Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне тапсырылсын