Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «___» сәуірдегі
№_____ қаулысына 9 қосымша
«Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
мемлекеттік тілде – «Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение «Аппарат акима сельского округа Актобе».
Егер Әкім аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
1) әкiмінiң қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешу;
2) әкімінің аппараты жергілікті атқарушы органның аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін жоспарлау және атқару, сондай-ақ аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару салаларындағы функцияларын жүзеге асыру.
құқықтары:
1) мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
2) мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
3) шарттар, келісімдер жасасуға;
міндеттері:
1) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
4) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
5) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
6) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді;
8) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
9) әділет органдары жоқ жергілікті жерлердегі кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
10) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
13) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;
14) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
15) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
16) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
17) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
18) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
19) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
20) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
21) "Алтын алқа" алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;
22) жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;
23) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
24) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
25) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
26) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындаған кезде жәрдем көрсетеді;
27) қажет болған жағдайда жатқан науқасты денсаулық сақтау ұйымының стационарынан тұрғылықты жеріне дейін тасымалдауды ұйымдастырады;
28) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
29) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
30) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
31) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
32) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
33) жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, қабірге арналған жер учаскелерін есепке алу мен тіркеуді жүргізеді;
34) қоғамдық медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
35) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
36) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:
қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі;
37) зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды және тіркеуді ұйымдастырады, сондай-ақ жерлеу жөніндегі істі ұйымдастыру туралы шарт талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
38) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өткізілетін конкурстың қорытындысы бойынша зират қорымының әкімшіліктерімен қорымдарды күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасуды уақтылы жүзеге асыру;
39) жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты орналастыруды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
1) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;
2) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
3) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
5) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
6) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
7) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
8) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
9) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
10) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
11) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
12) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді.
13) Ақтөбе ауылдық округі Ұштаған ауылының өрт сөндіру бекетінің жұмысын ұйымдастырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) Әкім аппаратының қызметкерлерінің құзыреттері мен міндеттерінің шеңберін анықтайды;
2) Әкім аппаратының қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіпте тәртіптік жазалар қолданады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Әкім аппаратының қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады;
4) басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынастарды жүзеге асыруда өкілетті тұлға болып табылады;
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністе міндетті күші бар актілер шығарады.
Ақтөбе ауылдық округі әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату