
Мемлекет Басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі-Тұжырымдама) бекітілді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасын әзірледі (бірінші кезең).
2020 жылдың 22 қыркүйегінде сағат 10.00-де онлайн-форматта азаматтық сектор өкілдерімен Жоспар жобасын талқылау өтеді.
Жоспарды сапалы дайындау үшін өз ұсыныстарыңызды келесі электронды мекенжайға жолдауларыңызды сұраймыз: n.dosymzhanov@qogam.gov.kz.