Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістері туралы онлайн семинарлардың қорытындылары

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістері туралы онлайн семинарлардың қорытындылары

ҮЕҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістері туралы қаншалықты хабардар? Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға байланысты сарапшылар пікірі қандай? Осы және басқа да көптеген мәселелер Министрліктің қолдауымен өткен онлайн-семинарларда талқыланды.

120-дан астам мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ мүшелерінің, еліміздің 12 өңірінің сарапшылар қауымдастығының өкілдерін қамтыған онлайн семинарлар сериясын "Зор Рух" Қайырымдылық Қоры мен Министрліктің "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі өткізді.

З.К.Батталова, М.Т.Габдуалиев, А.Б.Қожағұлов, Б.К.Асқаров секілді сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы белгілі сарапшылар тренер-консультанттар болды.

Семинарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікті нормативтік құқықтық реттеу, сондай-ақ Министрліктің тапсырысы бойынша әзірленетін ҮЕҰ үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды іске асыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша әдістемелік құрал егжей-тегжейлі талқыланды.

Семинар ұйымдастырушылары аудиторияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат мәселелерінен жеткілікті хабардар екендігін атап өтті, семинар барысында тыңдаушылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою бойынша белсенді сұрақтар қойды.

Қатысушылар "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" ҚР Заңын, Мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы құзыреттерін талқылады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу үшін, ҮЕҰ үшін "мемлекеттік ұйымдар басшыларының мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу тәртібі туралы" тиісті нормативтік құқықтық актіні әзірлеу және бекіту; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара әрекеттестігін нығайту жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру керек,- деген ұсыныс келіп түсті.

Семинарға қатысушылардың осы және басқа да ұсыныстары Министрліктің "Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесіне тапсырылады.

Сурет ашық ақпарат көздерінен алынған