Вице-министр Б. Тлепов «AntikorLive» онлайн-сұхбатына қатысты

Вице-министр Б. Тлепов «AntikorLive» онлайн-сұхбатына қатысты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шақыруымен Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов 14 қыркүйекте «AntikorLive» онлайн-сұхбатына қатысты.

Сұхбат барысында вице-министр Министрліктің және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп отырған жұмысы, оның ішінде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыс нәтижелері туралы айтып берді.

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Ашықтық мемлекеттік қызмет мәдениетінің бір бөлігі болуы тиіс. Егер мемлекеттік аппарат азаматтар үшін қолжетімді және олардың өтініштерін «еститін» болса, онда қоғам өз мәселелерін шешу үшін заңсыз әрекеттерге бармайды» -  деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ, Болат Тлепов Мемлекет Басшысының 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды ескере отырып, Министрліктің ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық кеңестердің қызметі, сондай-ақ, қоғамдық бақылау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жоспарларымен бөлісті.

Аталған түзетулерді қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте де жәрдемдесетін болады.

Онлайн сұхбаттың жазбасы келесі сілтеме бойынша қол жетімді: https://www.facebook.com/anticorruption.kz/videos/830312774382615/?vh=e&extid=15rQuowsHvezwCdC&d=n