
Жалпыға бiрдей құқықтық оқыту шеңберінде, сондай-ақ «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыруда а.ж. 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша онлайн семинар өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы заңнаманың ережелерін түсіндіру бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әркімнің борышы!» атты дәрісімен «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының директоры Даулеткерей Рахметоллаұлы Рахметуллин сөз сөйледі.
Даулеткерей Рахметоллаұлы өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясаттың маңыздылығын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараларын қамтитын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың уақтылы алдын алу қажеттілігін атап өтті.
Жалпы, Министрлік пен оның қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдайтынын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын атап өту қажет.