
2020 жылғы 12 қыркүйекте Отбасы күніне арналған «OTAU FEST» жас отбасылар фестивалі шеңберінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі А.Р. Ораловтың қатысуымен онлайн режимде «Отбасы және отбасылық құндылықтар қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде» тақырыбында диалог алаңы өтті.
Іс-шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының демеушілігімен «Қазақстанның тең құқықтар және тең мүмкіндіктер институты» ҚҚ ұйымдастырды.
Диалог алаңының жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Л.Ж. Сүлеймен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты И.В. Смирнова, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Э.Ә. Әзімова, «Nur Otan» партиясы жанындағы балалар құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің басшысы Д.Б. Зәкиева, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысты.
Қатысушылар өз сөздерінде отбасылық саясатты іске асыруда мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның тығыз өзара іс-қимылының, әлеуметтік қызметтердің интеграцияланған моделін қалыптастырудың, үкіметтік емес ұйымдарды, медиация институттарын отбасы институтын нығайту мәселелеріне белсенді тартудың, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды қолдаудың қажеттілігін атап өтті.
Сондай-ақ, қатысушылар отбасылық-демографиялық саясат саласындағы ажырасулардың, отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқық бұзушылықтардың, балалардың жарақат алу фактілерінің өсуі сияқты мәселелерге назар аударды.
Диалог алаңының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында отбасылық саясатты әрі қарай жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 12-13 қыркүйек аралығында «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша іс-шаралар кешені» гранттық жобасы аясында «OTAU FEST» жас отбасылар фестивалі өтуде (https://online.arasha.org.kz/).