
Ү.ж. 9 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі К. Б. Ойшыбаевтың төрағалығымен онлайн-форматта мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру тетіктерін жетілдіруді талқылау бойынша кездесу өткізілді.
Талқылауға барлық ірі мемлекеттік емес отандық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін дамыту мақсатында мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қайта қалыптастыру мәселелерін талқылады. Теле-, радиоарналар үшін түрлі жанрдағы өнімдерді, сондай-ақ баспа және желілік басылымдар үшін талдамалық контентті қаржыландыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар мемлекеттік ақпараттық саясатты дамыту мәселелерін тұрақты түрде талқылау қажеттігін атап өтті.