
Астанада ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйым басшылары қатысты.
Отырыс барысында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (ТЖ) салдарын жоюда ҮЕҰ әлеуетін пайдалануға қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының Азаматтық Альянсы басшыларының балама баяндамалары тыңдалды.
Үйлестіру кеңесінің мүшелері ҮЕҰ-ның 2026 жылға арналған әлеуметтік жобалардың жоспарланған тақырыптарын да қарастырды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді және олар жүзеге асу үшін мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі