
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларының 4-тармағына сәйкес, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығы, бұдан әрі – Қағидалар) аккредиттеуді жүзеге асыру мерзімі туралы хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде жарияланғаннан кейін мемлекеттік органдар жыл сайын I (бірінші) тоқсанда жүзеге асырады.
Қағидалардың 11-тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында аккредиттеу жүргізуге құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін өтініштер болмаған жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде аккредиттеу жүргізуге өтініштердің болмауына байланысты мемлекеттік органның аккредиттеу өткізілмегені туралы хабарландыруы жарияланады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылғы 12 ақпаннан - 25 ақпанға дейін жарияланған аккредиттеу, сондай - ақ 2025 жылғы 28 ақпаннан -14 наурызға дейін аккредиттеу жүргізуге құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін өтініштердің болмауына байланысты қайта аккредиттеу өткізілмегені туралы хабарлайды.