Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі медиация саласындағы уәкілетті орган ретінде медиаторлар ұйымдарының қызметін реттейтін заңнама талаптарын сақтау қажеттігі туралы еске салады.

«Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағына сәйкес медиаторлардың медиацияны жүргізу жөнінде қызметтер көрсетуінің материалдық, ұйымдық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында медиаторлар ерікті негізде құрған өзін-өзі реттейтін ұйым медиаторлар ұйымы деп танылады.

Осыған байланысты, медиаторлар ұйымдарының ұйымдық-құқықтық нысанын сәйкестендіру бойынша жүргізілген жұмыс туралы уәкілетті органға хабарлауды сұраймыз.

Сонымен қатар, өзге жағдайларда медиаторлар ұйымдарының ұйымдық-құқықтық нысанын өзін-өзі реттейтін ұйымға сәйкестендіру жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды сұраймыз.

Ұйымның мәртебесін өзгерту бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты медиаторлар ұйымдарының тізіліміне енгізу үшін «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығының 3-1-қосымшасына сәйкес хабарлама нысаны түрде уәкілетті органға ұсынылады.

Барлық сұрақтар бойынша +7-7172-74-10-02 телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.