Азаматтық бастамалар – дамудың қозғаушы күші

Азаматтық бастамалар – дамудың қозғаушы күші

Мемлекет пен азаматтық қоғамның шынайы серіктестігі, бүгінгі күні үкіметтік емес ұйымдармен қатар, жеке бастамашыл топтар мен бей-жай емес азаматтармен ұсынылатын жаңа инновациялық технологиядарды әлеуметтік тәжірибеде пайдалану, технологиялардың трансформациялануына дайын болу үшін білім алу мен дағдыларды жетілдіру қажеттілігі, өзекті әлеуметтік міндеттер мен сұраныстарды шешуге азаматтарды және олардың бастамаларын тартуға әрекеттесу – осы және өзге мәселелер «Азаматтық бастамалар - «Level Up!» даму драйвері» тақырыбында өткен «Даму тарихы: іштей көзқарас»
IX халықаралық конференциясында талқыланды.

Конференция жұмысына Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова, менеджмент және ұйымдастырушылық даму саласындағы халықаралық сарапшы Филипп Райхмут (Германия), консультант Тара Шоуп-Паулссон (Швеция), Латын Америкасы, Оңтүстік Азия мемлекеттерінің әлеуметтік инновация хабының басшылары, әлеуметтік инновациялар жаһандық хабының өкілі Ноэл Диковер (АҚШ), сонымен қоса үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнестің, Орталық Азия және ТМД, Еуропа, Латын Америкасы, Оңтүстік және Солтүстік Африка, Оңтүстік және Шығыс Азия елдерінің өкілдері қатысты.

Сонымен қоса спикер қабылданған Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды енгізуге қатысты бөлігі бойынша сұрақтарға жауап берді. Сонымен, спикердің айтуы бойынша, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау жоба аяқталған соң іске асырылып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылған жобалардан қызмет алушылардың қанағаттану деңгейі мен әлеуметтік импактін анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Министрлік «Азаматтық қоғамды дамыту ассоциациясы» ЗТБ бірлесіп, бекітілген меморандумның шеңберінде іс-шаралар кешенін, соның ішінде өңірлерде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылған жобаларды бағалауды жүргізетін ҮЕҰ қатарынан сарапшыларды оқытуды ұйымдастырды.