
2020 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаеваның төрағалығымен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына Жолдауының әлеуметтік басымдықтары бойынша дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел отырысына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, репродуктолог-ғалымдар, отбасы институтын дамыту мәселелері жөніндегі сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Өз сөзінде А.БалаеваМемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауында атап өткен басты басымдықтардың бірі отбасы мен балалық шақты қолдау екенін атап өтті.
Сондай – ақ стратегиялық құжаттың маңызды бағыты - отбасылық-демографиялық, балалардың құқықтарын қорғау және оларға қамқорлық жасау туралы мәселер талқыланды. Министр Президенттің шараларды нақтылай отырып және осы шаралардың нәтижелілігіне нақты бақылау орната отырып, мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін жеке бағдарлама қабылдауды тапсырғанын атап өтті.
Сонымен қатар, министрлік тарапынан бұл саланың барынша ашық болуына ықпал ететінін және бағдарламаны әзірлеу кезінде қоғамның барлық тілектері мен ұсыныстары ескерілетінін мәлімдеді.
Қоғам қайраткері, Еуразиялық медициналық қауымдастықтың басқарма төрағасы Н.М. Петухова Жолдауды іске асыру барысында жасөспірімдер мен жастар арасында жыныстық тәрбие мәселелері бойынша профилактикалық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, шара барысында «Экомед» Адам репродукциясы клиникасының басшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі С.Байқошқарова бедеу адамдардың есебін жүргізуді ұсынса, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Л.М. Қалтаева мүмкіндігі шектеулі адамдардың тұрғын-үймен қамтамасыз етуге, ЭКҰ бағдарламаларына қол жеткізуге, сондай-ақ мүгедектерге қатысты зорлық-зомбылыққа назар аударды.
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Т.Қалиев жастар ұйымдарын еңбек құндылықтарын насихаттауға тартуды, сондай-ақ гранттық қаржыландыру құралдарын Жолдау нормаларын іске асыруға және қоғамдық бақылау мен азаматтық қатысу процесін жандандыруға бағыттауды ұсынды.
Жалпы, дөңгелек үстелге қатысушылар халықтың репродуктивті денсаулығын сақтаудың, ЭКҰ-дың қызмет көрсету сапасын арттыру, отбасы институтын нығайтудың, балаларды тәрбиелеу мен қауіпсіздігінің өзекті мәселелерді талқылады.
Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, министр А.Балаева халық арасында жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің, салауатты өмір салты қағидаттарын ілгерілетудің, өскелең ұрпақ арасында репродуктивті денсаулықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.