Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі  еліміздегі мерейлі мерекенің бірі де, бірегейі - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтайды!

            Ата Заң - елдегі бейбітшілік пен келісімнің, тұрақтылықтың, біздің құқығымыз бен бостандығымыздың  кепілі, мемлекетіміздің демократиялық дамуының айқын негізі.

Ата Заңымыздан айнымай, әрбір сөзін қадір тұтып, елдегі барлық азаматтардың құқығын, теңдігін құрметтеп, татулық пен келісімді көздің қарашығындай қорғап, ең қымбат асылымыздай сақтағанда ғана мемлекетіміздің болашағы жарқын, еліміздің ертеңі ерен болады деп айта аламыз!

            Болашағымыздың бақытты, ел келешегінің баянды болмағы да Конституциямызға тікелей байланысты. Сондықтан да бүгінгі күннің қадір-қасиеті айрықша. Бағалай білгеннен бақ кетпейді!

Ендеше, айбары асқақ мерекеде баршаңызға бейбіт аспан, келісім мен тұрақтылық, Отанымыздың өркендеуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге табыс тілейміз!