
Ағымдағы жылдың 28 тамызында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов «Ақниет» ақпараттық-насихаттау жане оңалту орталығы» қоғамдық қоры және оның өңірлердегі басшыларымен онлайн-форматта жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында қоғамдық қор директоры Ә.Шауметов пен қоғамдық қордың өңірлік филиалдарының басшылары вице-министрге «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қаржыландыратын өңірлерде радикалды діни идеологияны ұстанушылармен оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай механизмдерін қамтамасыз ету бойынша гранттық жобаның іске асырылу барысы туралы хабарлады.
Марат Әзілханов жобада қарастырылған іс-шараларды уақытында іске асыру, оңалту шараларын күшейту, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру мәселелерін қозғады.
Сондай-ақ вице-министр өңірлерде діни ахуалды сауықтыру үшін бойынша қоғамдық қор іске асыратын жобаның маңыздылығын, сонымен қатар жобаны іске асыру барысында туындайтын проблемалық мәселелер жөнінде операторға уақытында хабарлау қажеттілігін атап өтті.