Діни ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) жұмыс істеуіне рұқсат беруіне түсініктеме

Діни ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) жұмыс істеуіне рұқсат беруіне түсініктеме

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен ағымдағы жылдың 31 тамызынан бастап діни объектілердің қызметі қайта жандана бастайтыны белгілі.

Діни ғибадатханалардың (ғимараттардың) жұмыс істеуіне қойылатын негізгі талаптар: келушілердің діни объектілерге жеке тәртіппен баруы, ұжымдық іс-шараларды (жұма намазы, жексенбілік Құдайға құлшылық ету, салтанатты литургиялар және т.б.) өткізуді тоқтату, келушілер арасындағы "маска" режимі мен әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау, үй-жайларды үнемі таза ұстау және желдету, санитайзерлердің міндетті түрде болуы, келушілер үшін еркін кіру мен шығуды қамтамасыз ету болып қала береді.

Сонымен қатар, ұжымдық іс-шараларға жол бермеу бойынша шектеулер жабық және шағын бөлмелерде адамдардың көп жиналуына байланысты енгізілді, осылайша келушілердің жұқтыру қаупін арттырады.

Осыған байланысты, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет қабылдайтын шараларға түсіністікпен қарау қажет.

Жақын арада еліміздің бас санитарлық дәрігерінің діни ғибадатханалардың (ғимараттардың) жұмыс істеуі туралы қосымша қаулысы қабылданатын болады.

Коронавирустың таралуымен эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсарту қолданыстағы шектеулерді алып тастап, ұжымдық қызметтер жасауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.