Дархан Кәлетаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Дархан Кәлетаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шарада отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары мен журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Шара барысында министр дін, азаматтық қоғам және жастар саясаты саласын кеңінен жариялап жүрген бірқатар республикалық басылымдар, телеарналар мен интернет ресурстардың өкілдеріне «Алғыс хат» тапсырды.

«Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Бүгінгі қоғамда БАҚ өкілдерінің қызметі ерекше маңызға ие. Сіздерге дін, азаматтық қоғам және жастар саясаты саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық тұрғыда қолдауларыңыз үшін айрықша алғыс білдіремін. Осынау мерейлі мерекеде Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, кәсіби жетістік, отбасыларыңызға амандық тілеймін», - деп құттықтады Дархан Кәлетаев.

Айта кетейік, 2011 жылы 20 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 28 маусым - Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің кәсіби мерекесі боп бекітілген.