Қазақстан жастарының атынан Орталық Азия елдері жастарына үндеу

Қазақстан жастарының атынан Орталық Азия елдері жастарына үндеу

Қазақстан жастары сіздердің Орталық Азия өңірінің өркендеуі жолындағы бірлікке және ынтымақтастыққа деген ұмтылыстарыңызды қолдайды!

Біз тарихи достық және көршілік байланыстамыз, біз Шығыс пен Еуропаның мәдениетін біріктірген халықтың мирасқорымыз. Жеріміз арқылы өткен Ұлы Жібек жолы барлық құрлықтың саудагерлеріне танымал әрі маңызды болды.

Жиһангер ғалымдар Аль-Кинди, Ибн Сина және Аль-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи және басқа да ғалымдар кезеңінен бері біз араб философиясының мұрасымен біріккен елдерміз.

Бүгінде өңіріміз саяси және экономикалық тәжірибеге бай, әлемдік қауымдастықта беделді, қарқынды дамыған тәуелсіз республикалар ретінде танылады. Және, біруақытта, ортақ тарихи және мәдени тамырымыз, ғасырлар бойы қалыптасқан өзара сенімділік пен достықтығымыз Орта Азиялық өңір және барлық Еуразия құрылығының көлемінде бірігуге, ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

Жастар форумдары, ынтымақтастық туралы меморандумдар, бірлескен жобалар мен бағдарламалар өзара қызығушылықты, өңірдегі бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етудегі ортақ мақсаттарымызды білдіреді.

Аумағында ежелгі Алтай мен Түркістан орналасқан, түркі елінің бесігіне айналған Қазақстан мемлекеті Орта Азия кеңістігіндегі белсенді интеграцияның қашанда бастаушысы және жақтаушысы болған, қазір де солай.

Біз Сіздерді келесі жылы Қазақстанда жаңа құрылған Түркістан облысында өтетін Орталық Азия жастарының форумына шақырамыз. Орталық Азия елдерінің жастар кеңесін құру бастамасын және осы алаңды 2019 жылы Нью-Йорк қаласындағы ЭКОСОС Халықаралық жастар форумында ұсынуды қолдауға үндеу жасаймыз.

Ата-бабадан келе жатқан бірлігіміз, достығымыз және көршілігіміз жалғаса берсін!

Орталық Азия жастарына өркендеу жолында сәттілік тілейміз!