ҮЕҰ үшін сыйлық алуға өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуына санаулы күндер қалды!
Егер Сіз аталған конкурсқа қатысуға ниет білдірсеңіз, өтінім беруді жеделдетуді сұраймыз.
Өтінімдер а.ж. 31 тамызына дейін қабылданады. Бұл ретте, а.ж. 29-31 тамыз аралығындағы кезең жұмыс күндері болып табылмайтынын атап өту қажет. Осыған байланысты, қолма-қол өтінімдер ағымдағы жылдың 28 тамызына дейін (қоса алғанда) қабылданады. Құжаттама пошта байланысы арқылы жөнелтілген жағдайда а.ж. 31 тамызынан кешіктірілмей жөнелтілуі қажет.
Өтінімдерді, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі келесi мекенжай бойынша қабылдайды:Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 15-кіреберісі.
Сыйлықақы ҮЕҰ арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына сәйкес беріледі( http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017041 )
Анықтама телефондары
+7 (702) 376 84 00, +7 (775) 592 11 11, +7 (7172) 74 09 97, 74 02 17.