Аида Балаеваның ЖОО ректорларымен кездесуі бойынша хабарлама

Аида Балаеваның ЖОО ректорларымен кездесуі бойынша хабарлама

2020 жылғы 26 тамызда сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева медиа саласы мамандарын даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының ректорларымен онлайн-форматта «Қазақстан Республикасындағы журналистика деңгейі» тақырыбында кездесу өткізеді.

Кездесу барысында кадрларды даярлау саласындағы проблемалық мәселелер, атап айтқанда, «Журналистика» мамандығы студенттерінің аналитикалық және практикалық дағдыларын дамыту, нарықты телерадио хабарларын тарату саласындағы мамандармен қамтамасыз ету және т. б. талқыланады.

Кездесудің тікелей көрсетілімі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында өтеді.