
2018 жылы 2 шілдеде ҚР Ұлттық музейінде ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен «Астана: Бейбітшілік және Келісім орталығы» Халықаралық Конференциясының ашылу салтанаты өтті.
Диалогтік алаңның мақсаты – азаматтық қоғам, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар және Азия Тынық мұхиты аймағының (АТА) Юнеско Клубы мемлекеттері өкілдерінің арасында мәдениаралық диалогті ілгерілету бойынша идеялар мен пікір алмасу болып табылады.
Іс-шараға екі жүзден аса халықаралық және ұлттық сарапшылар, АТА Юнеско Клубы мемлекеттері, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдар қатысты.
Конференция барысында пленарлық отырыс шеңберінде
ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова «Бейбітшілік пен Келісім үшін Тұрақты даму мақсаттарына жету: азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында баяндама жасады.
Өз сөзінде Ә.Ғалымова Қазақстан Үкіметі ТДМ мақсаттары мен міндеттерін қолданыстағы ұзақмерзімді және орта мерзімді бағдарламалармен байланыстырды, олардың ішінде «Қазақстан – 2050, 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жоспары, «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам». Спикердің айтуы бойынша, бүгінгі таңда стратегиялық жоспарлау мен саясатты әзірлеу үдерісі реттелген және ТДМ көптеген аспектілерін қамтитын мәліметтерді жинақтау мен көрсеткіштер жүйесін ескерумен пысықталған.
Тұрақты дамумен байланысты бірнеше аймақтық және жаһандық орталықтар құрылды: «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Астана экономикалық форумы, Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хаб. Жалпы, MAPS БҰҰДБ (ПРООН MAPS) аналитикалық есебінің мәліметіне сәйкес, 2016 жылдың соңында Қазақстанмен ТДМ 126 міндетінің 2/3 бөлігіне қол жеткізілді.
Сонымен қоса, Қазақстанда жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылымды дамыту жөніндегі бағдарламалардың табысты жүзеге асуы және орындалуына қарамастан, ТДМ міндеттері оларды іске асыруға база назар аударуды талап етеді. Бұл тұрғындардың денсаулығын репродуктивті сақтау, сапалы білім беру, оның ішінде мектепке дейінгі және ерекше қажеттілікке мұқтаж балаларға, климаттың өзгеруі мәселелері, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу, құқық бұзушыларды оңалту және әлеуметтік интеграциялау, сот жүйесінің әділдігін әрі қарай нығайту және сот реформасын ілгерілету, инновациялық технологияларды енгізу мәселелері.
«Осылайша, 2030 жылға дейінгі күн тәртібінің фундаменталді қағидасы ешкімді назарсыз қалдырмау болып табылады. Осы негізде ТДМ дамудың өзекті мәселелерін тиімді шешу үшін Қазақстанмен қолданып жатқан күшке толығымен сәйкес келеді» , - деп атап өтті Әлия Ғалымова.
Сонымен бірге, спикер Тұрақты даму мақсаттары және оған қол жеткізу туралы тұрғындардың, үкіметтік емес ұйымдардың жеткіліксіз деңгейде ақпараттандырылуы – ТДМ іске асыруға ҮЕҰ мен азаматтық қоғам институттарын тартудың маңыздылығында екендігін атап өтті.
Аталған тақырыптардың тиімді жүзеге асуы азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдардың әл-ауқатын кеңінен қолданғанда мүмкін. Сол үшін Қазақстанның Үкіметі бүгінгі таңда ҮЕҰ мемлекеттік қаржыландырудың бірнеше формаларын іске асырады: мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру және сыйлықақы.
Мысалға, 2018 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қаржыландырудың көлемі республикалық деңгейде 19,9 млрд.теңге көлемінде. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әкімшіліктері бүгінгі күні 7 министрлік, 106 облыстық басқарма, 252 қалалық және аудандық бөлімдер болып табылады.
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттардың сараптамасы қаржыландыру көлемі аз және ТДМ қол жеткізуге бағытталған 7 негізгі бағытты анықтайды»,- деп айтты баяндамашы. Бұл тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау, жастар саясаты мен балалар бастамасын қолдау, білім, ғылым, ақпарат саласындағы мақсаттарға қол жеткізу, салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтар мен ұйымдардың құқығын, заңды мүдделерін қорғау, гендер мәселелерін шешу сияқты тақырыптар.
Сөз соңында, баяндамашы, Қазақстан мәдениеттерді жақындастыруға әрекеттесу саласында аймақты кошбасшы бола отыра, халықаралық ұжымдық іс-қимылды талап ететін мәселелерді шешудегі аймақтық лидер ретінде болуы мүмкін. Осыған қарамастан, мемлекеттік болашағын қалыптастыру үшін шешуші маңызға ие негізгі жаһандық тенденцияларды да ескеру қажет.