
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов «Литер» газетіне сұхбат берді.
Сұхбат барысында Е.Нүкежанов мемлекет дамуының зайырлы қағидаттарын нығайтудың маңыздылығын атап өтті: «Зайырлылық қағидаттың арқасында біз әр адамның өз орны бар бейбіт, қауіпсіз және біртұтас мемлекет құра алғанымызды түсінуіміз керек.
Ержан Болатқанұлы Комитет қызметінің негізгі бағыттары, атап айтқанда, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен деструктивті діни идеологияның ықпалынан зардап шеккен азаматтарды оңалту және «Жусан» арнайы операциясы аясында қайтарылғандар туралы хабарлады. Ол Қазақстан азаматтарының лаңкестік әрекет аймақтарынан оралуы – мемлекет тарапынан жасалған гуманитарлық акция ғана емес, сондай-ақ қазақ халқының өзіндік дәстүрлері мен құндылықтарының айқын көрінісі...» екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Комитет төрағасы Қазақстанда және шетелде діни білім алу перспективалары, АҚШ-пен ынтымақтастық, сондай-ақ дінтанулық сараптамасы не үшін қажет екендігі туралы айтты.