
«Зерен-2019» республикалық танымдық жастар жазғы лагері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып, Қазақстанда Жастар жылын өткізу бойынша Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
«Зерен-2019» республикалық танымдық жастар жазғы лагері 4 шілдеде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы ісі комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметтің жетекшілігімен салтанатты түрде ашылды. Сонымен қатар, ашылу салтанатына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімова мен Зеренді ауданының әкімі Берікжан Әбутәлiпов қатысты. Лагерьдің мақсаты – жастарды Қазақстанның барлық өңірінде нақты іске асатын, орнықты, әлеуметтік бағыттағы бизнес жобаларды жүзеге асыруды үйрету болып табылады. Лагерь жастардың өзін өзі көрсетуіне көмектесіп, жастардың, соның ішінде ауыл жастарының экономикалық және әлеуметтік сатыларға қол жеткізуіне көмектесу үшін ашылған.
Ұйымдастырушылардың деректеріне сүйенсек, лагерьге қатысу мүмкіндігі 18 бен 29 жас аралығындағы Қазақстанның кез келген азаматына және ТМД-ның әр елінен 5 қатысушыға берілген. Лагерь үш маусымға бөлінген. Әр маусымда 200 қатысушыдан болады. «Зерен-2019» лагерінде тұру және білім алу тегін. Бірінші ауысым 3 – 11 шілде аралығында, екінші ауысым 13 – 21 шілдеде; үшінші ауысым 23 – 31 шілде аралығында өтеді. Барлық қатысушы өз идеясын жүзеге асыру мүмкіндігіне қол жеткізеді немесе лагерь тәлімгерлерінің жетекшілігімен мүлде жаңа жоба жасай алады. Негізгі бағыттар: азаматтық қоғамды дамыту, кәсіпкерлік дағдылары, жасыл экономика, креативті экономика және жаңа медиа салалары.
Жобаның бірегейлігі – ашық диалог алаңы болатындығында, онда танымдық үдерістің барлық қатысушысы сарапшылармен бірге стартаптар жасайды, орындалған жұмыстар қорытындысы бойынша өз бизнес-жобаларын таныстырады.
Білікті сараптамалық қазылар алқасы қатысушылар жасаған жобаларды іріктейді. Үздік 30 жоба қаржыландырылады, ал жалпы жүлде қоры – 15 миллион теңге.
9 күннен кейін, бірінші ауысымның соңында 10 жеңімпаздың аты белгілі болады, олардың жобаларына қаржы бөлініп, іске асу мүмкіндігіне ие болады.