
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындаудың Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығының жобасы ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғандығын хабарлайды.
Ереже жобасы әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан өтініш берушілерге халықаралық Сыйлық тағайындау тәртібін қарастырады.
Атап айтқанда, Сыйлық тағайындалатын 16 номинация, өткізу тәртібі, арнайы онлайн-платформа, Комиссия құру тәртібі мен құрамы, Сыйлықты өткізу кезеңдері мен нақты уақыттары, өтінім беру үлгілері белгіленген.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.
Жоба мына сілтеме бойынша 2020 жылғы 20 тамыз – 4 қыркүйек аралығында қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4663166