Шығыс Қазақстан облысында азаматтық қоғам мен этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды

Шығыс Қазақстан облысында азаматтық қоғам мен этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Іс-шараға 100-ден астам азамат, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар және зиялы қауым өкілдері қатысты. Сонымен қатар, вице-министр азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Кездесу барысында азаматтық қоғамды дамыту, отбасылық саясат, ақпарат, жастар, мәдени салалар және этносаралық қатынастар мәселелерін қамтитын баяндама оқылды.

Айта кету керек, бүгінде Шығыс Қазақстан облысында 842 үкіметтік емес ұйым, 13 қоғамдық кеңес, 4 мыңнан астам волонтер және шамамен 40 волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Сонымен қатар аймақта 74 этномәдени бірлестік қызмет етеді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі