Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурстар

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурстар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) короновирустық инфекцияның таралуына қарамастан, министрлікте Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурстық рәсімдер (бұдан әрі – конкурс) тұрақты негізде өткізілетінін хабарлайды.

Жалпы конкурс бойынша бір бос лауазымға орташа есеппен 8 адамға дейін үміткер болады. Ізденушілердің ең көп саны этносаралық қатынастарды дамыту комитеттің (бір бос лауазымға 15 адам) лауазымдарына келеді.

Бүгінгі таңда барлық конкурстық рәсімдер онлайн режимде өтуде.

Барлық ниет білдірушілерді байқауға қатысуға шақырамыз.

Бос лауазымдар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайтында www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet  немесе Министрліктің сайтында www.gov.kz/memleket/entities/qogam  орналастырылады.

Байланыс телефондары:

010000 Нұр-Сұлтан қаласы,

Мәңгілік ел даңғылы 8,

Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 2 қабат,

277 кабинет анықтама үшін телефон:

+7 (7172) 74-13-88, 87783888923

электрондық адрес k.konkurs@qogam.gov.kz.