Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызметі және қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызметі және қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызметі және қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының Тұжырымдамасы» жобасы ресми интернет-ресурсындажәне«Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғандығын хабарлайды.

Тұжырымдама жобасы қайырымдылық және волонтерлік саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.Заңжобасында, азаматтарды жүйелі қайырымдылық пен волонтерлікке үнемі қатысуға ынталандыру, қайырымдылық және волонтерлік мәдениетін дамытуғабағытталған шаралар көзделген.

Атап айтқанда, Заң жобасы шеңберінде еңбек өтілінде волонтерлік сағаттарды есепке алу, волонтердің ең төменгі жасын 16-ға дейін төмендету, қайырымдылық жасаушыларды жанама ынталандыру тетіктері, қайырымдылық ұйымдарының мәртебесін арттыру және т. б. бойынша шаралар енгізу ұсынылады.

Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.

Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4583410 .