Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов «Kazislam» интернет-порталының басшылығымен кездесті

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов «Kazislam» интернет-порталының басшылығымен кездесті

Ағымдағы жылдың 14 тамызында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов «Kazislam» ақпараттық-танымдық интернет-порталының басшылығымен кездесті.

Кездесуде интернет-порталдың жұмысын одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

Портал басшылығы оның интерактивтілігін арттыруға, сондай-ақ халықпен  кері байланыс орнатуға  бағытталған жұмыстарды жандандыру жөніндегі жоспарлары туралы баяндады.

Өз кезегінде вице-министр халықтың арасында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарын түсіндіру, ұлттық құндылықтар мен конфессияаралық диалогты ілгерілету үшін порталдың маңыздылығын атап өтті.

Еске салайық, «Kazislam» интернет-порталы 2013 жылы Қазақстанның діни саласының түрлі аспектілері жөніндегі бірегей бірыңғай ақпарат көзі ретінде іске қосылды.